(KAZ) 7-8 қарашада Астана қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің 10 жылдығына орай форум өтті.

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

7 қарашада аталған форум аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыру мақсатында семинар өтті.

Біліктілікті арттыру семинары барысында «Біртұтас тәрбие» тұжырымдамасын іске асырудағы Аналар кеңесінің рөлі, тұрмыстық зорлық-зомбылық, нашақорлықпен күрес және оны алдын алу шаралары, вандализм және ысырапшылдықпен күрес мәселелері талқыланды.

Форумның екінші күніне жоспарланған салтанатты іс-шара кең мазмұнда өтті.

Іс-шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Салауатты сана» арнайы жобасының жүзеге асырылу барысы мен өңірлік Аналар кеңестерінің қызметі талқыланды.

10 жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе, ҚХА республикалық Аналар кеңесінің белсенді мүшелері марапатталды.

https://www.instagram.com/reel/DCHSswQiSFw/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA

You may also like...