🌲Қалалық Достық үйінде балаларға арналған жаңа жылдық қайырымдылық шырша мерекесі…
🌲Қалалық Достық үйінде балаларға арналған жаңа жылдық қайырымдылық шырша мерекесі өтті
Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Достық үйінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа жылдық қайырымдылық шырша өтті. «Соник» балалар фильміне негізделген «Супер Соник және тілектер жұлдызы» атты қойылым ретінде өткен мерекелік іс-шараға «Бақытты шаңырақ», «Особые праздники» қоғамдық қорларының және «Ерекше балалар ата-аналарының одағы» РҚБ ата-аналары мен балалары қатысты.
Сондай-ақ мерекелік іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов арнайы келіп, бүлдіршіндерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Интерактивті қойылым барысында балалар ғажайыптар әлеміне саяхаттап, түрлі қызықты тапсырмаларды орындады. Шара соңында шырша мерекесіне қатысқан 60 бала көптен күткен сыйлықтарын алды. Балалар мен олардың ата-аналары ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, көтеріңкі қөңіл-күйде тарқасты.
#жаңажыл#2026 #шыршамерекесі#балалар#қха30жыл #анк30лет













