Елордада Ингушетия Республикасынан келген үкіметтік делегацияның құрметіне салтанатты концерт ұйымдастырылды.

Елордада Ингушетия Республикасынан келген үкіметтік делегацияның құрметіне салтанатты концерт ұйымдастырылды. Мерекелік бағдарлама аясында елордалық “Вайнах” шешен-ингуш халық ансамблі және ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығына қарасты Орталық ансамблінің әртістері көрермендерге мерекелік көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.

Айта кету керек, аталмыш іс- шара мәдени алмасудың ғана емес, сондай -ақ Қазақстан мен Ингушетия арасындағы берік достықтың символына айналды. Екі ел арасындағы қарым-қатынас ортақ құндылықтарға, достық пен бауырластыққа негізделген.

Ингушетия делегациясының Қазақстанға сапары және олардың құрметіне ұйымдастырылған концерт- бұл тек құрмет белгісі ғана емес, сонымен қатар екі ел арасындағы тығыз мәдени және достық байланыстардың жоғары деңгейде екендігінің айқын көрінісі.

https://www.instagram.com/p/DB4ZCWuOyU8/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA&img_index=1

You may also like...