Аналар күні аталып өтілді

Елордалық Достық үйінде Аналар күніне арналған «Ана – гүл, ана – өмір шырағы» атты мерекелік іс-шарасы өтті. Арт – терапия форматында өткен рухани –танымдық басқосуға елордалық ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері, Астана қаласы Алматы ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қолданбалы өнер шеберлері және «Бақытты шаңырақ» қоғамдық қорынан аналар мен балалар қатысты.

Алғашқы болып сөз сөйлеген Астана қаласы ҚХА Хатшылығының қызметкері Гүлнар Тайгокова барша аналар қауымын мерекемен құттықтап, Аналар күні –анаға құрмет көрсетіп, оның мейірімі мен қамқорлығы үшін алғыс айту мақсатында атап өтілетін маңызды мерекелердің бірі екенін атап өтті.

Жиын барысында кішкентай қонақтардың назарына концерттік және ойын-сауық бағдарламасы ұсынылып, шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Сондай –ақ балалар мен олардың аналарына сыйлықтар табысталды.

 

Толығырақ

You may also like...