Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесулері жалғасуда.
![](https://assembly-elorda.kz/wp-content/uploads/2024/04/3247483031205756128_7433885930-853x500.jpg)
Бұл жолы активтің Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповамен кездесуі өтті.
Мемлекетіміздің қарқынды дамуында еңбек және әлеуметтік қорғау жүйесі маңызды рөл атқарады. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та ерекше мән береді. Достық үйінде өткен бүгінгі жиналыста ҚХА мүшелері әлеуметтік сала бойынша өзекті сұрақтарын министрге тікелей қойып, әр мәселе бойынша жан-жақты жауаптар алды.