Елордалық Ассамблея жастары «JASTAR GENERATION – 2024» халықаралық жастар лагеріне қатысуда
2024 жылғы 25 сәуірдегі Мемлекет басшысының ҚХА XXXIII сессиясында Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар жобаларын жан-жақты қолдау жөніндегі тапсырмасының шеңберінде Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанаты – «Ассамблея жастары» ұйымының бастамасымен 2024 жылғы 12-14 қыркүйек аралығында Алматы қаласында «Jastar Generation – 2024» халықаралық жастар лагері өтіп жатыр.
Лагерь жұмысына Қазақстан Республикасының жастар қауымдастығының, шығармашыл және креативті жастардың көшбасшылары, Қазақстанның барлық өңірлерінен жастар саясаты және этносаралық қатынастар саласындағы сарапшылар мен еріктілер қатысуда.
Лагерь бағдарламасына сәйкес жастар үшін жобалық менеджмент, мәдениетаралық коммуникациялар, эмоционалдық интеллект, медиа ілгерілету және басқа да дағдылар бойынша тренингтер өткізілуде.
https://www.instagram.com/p/C_2Yls6OgPr/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA&img_index=1