Елордалық Ассамблея өкілдері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жөніндегі кеңеске қатысты

Қалалық Достық үйінің алаңында көші-қон қызметі басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындылары бойынша кеңес өтті.
Жиынға  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ілияс Базилов, қалалық көші-қон қызметі басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Пірімбет, сондай-ақ қалалық ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті және Астана қаласы ҚХА бірлесіп ұйымдастырды.

Күн тәртібінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу, азаматтық алу, шетелдік азаматтарды Астана қаласында уақытша тіркеуге алу мәселелері болды.

Жиын соңында спикерлер мен қатысушылар өзара пікір алмасты.


You may also like...