ЕЛОРДАЛЫҚ ҚХА МҮШЕЛЕРІ ТӨРТ КҮНДІК СЕМИНАР-ТРЕНИНГКЕ ҚАТЫСТЫ

Қалалық Достық үйінде елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен келіссөздер процестерін жүргізу және жанжалдарды шешу дағдыларына оқыту бойынша төрт күндік семинар-тренинг аяқталды. Оған елордалық Ассамблеяға қарасты этномәдени орталықтардың, Ғылыми-сараптамалық топтың, Аналар кеңесінің және жастар қанатының мүшелері қатысып, білімдерін шыңдады.

Семинарды кәсіби медиатор Айнұр Сисенбаева, “Келісім” халықаралық медиация және құқық орталығының жаттықтырушы-медиаторы Күлпаш Шалбулова және кәсіби психолог Қарлығаш Абилханова жүргізді.

Төрт күндік іс-шара барысында тыңдаушылар алған білімдерін практикалық тұрғыда қолдануды үйренді, кәсіби медиаторлар дайындаған кейстерге қатысты.

Іс-шара қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.

You may also like...