Елордалық ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының отырысы өтті

4 қазанда Достық үйінде Астана қаласы ҚХА Ғылыми-сараптамалық
тобының отырысы өтті.
Ғылыми-сараптамалық топтың жаңартылған құрамының отырысында
алдағы кезеңге арналған міндеттер талқыланды.
Іс-шара барысында ғылыми-сараптамалық топтың төрағасы, Л. Н.
Гумилев атындағы ЕҰУ тарих факультетінің деканы., т. ғ. д., профессор
Тілеген Садықов алдағы Президент сайлауын түсіндіру, сапалы іс-шаралар
өткізу қажеттігін атап өтті, сондай-ақ ғылыми-сараптамалық топты бағыттар
бойынша бөлуді ұсынды: этносаясат, этнография, мемлекеттік жүйе,
қазақтардың ежелгі тарихы, сондай-ақ жаңа саяси реформалар мен жаңа
Қазақстанды құру жоспарына сәйкес жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізді.
Айта кету керек, Ғылыми-сараптамалық топ – бұл елордалық Қазақстан
халқы Ассамблеясының қызметін ғылыми-сараптамалық сүйемелдеуді
қамтамасыз ететін, қоғамдық құрылымдарының бірі болып табылады.

You may also like...