Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы XXXII сессиясының алғашқы күні өз жұмысын бастап кетті.
Назарбаев Университетінде сессия делегаттарының және сарапшылардың қатысуымен пікірталас алаңдары жұмыс істеуде.
Алғашқы панельдік секция барысында қатысушылар ҚХА-ның саяси реформаларды іске асырудағы және жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы рөлін талқылады.
Айта кетейік, іс-шараға Астана қаласы ҚХА делегациясы да қатысуда.