(KAZ) 2025 жылғы 6 қыркүйекте Астана қаласындағы Арбат арт-алаңында Қазақстан халқы…

Извините, этот текст доступен только на “KAZ”.

2025 жылғы 6 қыркүйекте Астана қаласындағы Арбат арт-алаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті.

Іс-шара ҚХА шығармашылық ұжымдары қауымдастығының ұйымдастыруымен Ассамблеяның 30 жылдығы — «30 жыл бірлік пен келісім жолында» аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, қолөнершілер, этномәдени бірлестіктер мен шығармашылық ұжымдар, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Фестивальдің мақсаты — Қазақстанның көпұлтты халқының дәстүрлі қолөнерін сақтау және дәріптеу.
Бағдарламада жәрмеңке, шеберлік сағаттары, байқаулар, қолөнер шеберлерінің өнер көрсетуі және ҚХА фольклорлық ұжымдарының концерттері өтті. Ерекше сәттердің бірі – этномәдени бірлестіктердің бірлесуімен жасалған «Құрақ көрпе» арт-объектісі болды.

#ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years

Вам может также понравиться...