⚜️ «Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді…
⚜️ «Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» халықаралық акциясы аясында 2025 жылғы 21 қараша күні «Жанұя» отбасын қолдау орталығында мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Кездесудің мақсаты — зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын күшейту, проблемалық мәселелерді талқылау және әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған бірлескен шешімдер әзірлеу.
Қатысушылар ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, зорлық-зомбылыққа куә болған балаларды жүйелі қолдау, психологиялық көмекті кеңейту және қоғамдық бастамаларды тарту қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар іс-шара барысында профилактика және әрекет ету саласындағы жұмысты одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсыныстар айтылды.
Айта кетейік, аталмыш басқосуға Астана қаласы ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері де қатысты.
#аналаркеңесі #16күнзорлықзомбылықсыз #16днейпротивнасилия #қха30жыл #анк30лет




