🔹Елордада қалалық ҚХА Аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті Қалалық Достық…
🔹Елордада қалалық ҚХА Аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті
Қалалық Достық үйінде елордалық Ассмблеяға қарасты Аналар кеңесінің отырысында қатысушылар ағымдағы жылы атқарылған жұмыстарды пысықтап, алдағы іс-шаралар бойынша жұмыс жоспарын бекітті. Сондай-ақ кездесуде «Салауатты сана» жобасының негізгі бағыттары және оның аясында желтоқсан айында өтетін Аналар кеңесінің форумына дайындық барысы қаралып, кеңестің жаңа мүшелері таныстырылды.
Жиында кіріспе сөз сөйлеген Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Құсайынова, Аналар кеңесінің отбасы институтын сақтау мен нығайтуда, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратынын тілге тиек етіп, кеңес мүшелерінің алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Өз кезегінде кеңес төрағасы Алтынай Танирбергенова, отбасы институтын қолдауға, жастардың бойында адамгершілік –рухани құндылықтарын дамытуға бағытталған жұмыстар жайлы айтып, бұл бастамалардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.
Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, келесі отырыста қаралатын мәселелерді айқындады.




