(KAZ) 🔹Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов «Мың бала» республикалық…
🔹Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының қорытынды салтанатына қатысты.
Іс-шара еліміздің барлық өңірлерінен келген жас дарындарды — байқаудың өңірлік кезеңдерінің жеңімпаздарын, білім беру ұйымдарының өкілдерін, этномәдени бірлестіктер мен ҚХА Жастар қанатының мүшелерін біріктірді.
М.Әзілханов «Өнерлі өрге жүзер» номинациясы бойынша өнер саласында ерекше дарынымен көзге түскен 20 жеңімпазды марапаттады.
Жоба 2015 жылдан бері ҚХА бастамасымен жүзеге асып келеді.
Тек биылдың өзінде байқау аясында 202 іс-шара өткізіліп, 11 мыңнан астам мектеп оқушысы қатысты.
Республикалық «Мың бала» жобасы балалар шығармашылығын қолдаудың, мәдениетаралық диалогты дамытудың және этностар мен ұрпақтар арасындағы бірлік, патриотизм мен өзара құрмет құндылықтарын насихаттаудың маңызды алаңына айналды.
2025 жылы «Мың бала» жобасы ҚХА 30 жылдығына, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына және көрнекті композитор, күйші Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналды.
#ҚХА #АНК #МыңБала #балаларшығармашылығы #мәдениетаралықдиалог #бірлік #патриотизм #жастар #Қазақстандарындары
@assembly_resmi














