(KAZ) 🔹Астанада Әлия Молдағұлованың рухына тағзым етті 2025 жылдың 25 қазанында…

Извините, этот текст доступен только на “KAZ”.

🔹Астанада Әлия Молдағұлованың рухына тағзым етті

2025 жылдың 25 қазанында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловның туғанына 100 жыл толады. Осыған орай елордада Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен батыр қыздың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті. Одан кейін іс-шара Достық үйінде дөңгелек үстелмен жалғасты. Іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, тарихшы-ғалымдар, қалалық ҚХА қоғамдық құрылымдарының мүшелері және «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері қатысты.

Алқалы жиын барысында қатысушылар мерген қыздың өмір жолына тоқталып, сұрапыл соғыс жылдарындағы оның ерен ерліктерін еске алды. Жиынға модераторлық еткен Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Құсайынова батыр қыздың соғыс кезіндегі ерен ерлігіне тоқталып, оның өмір жолы – нағыз патриотизмнің үлгісі екенін атап өтті. Өз кезегінде Астана қаласы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Владимир Божко Әлия Молдағұлованың ерлігі бүгінгі жастарға өнеге, ал оның есімі халқымыздың жадында мәңгі сақталатынын жеткізді.

Айта кетейік, басқосудың негізгі мақсаты – аты аңызға айналған тұлғаның ерлігін ұлықтау мен насихаттау, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен ұлттық сана -сезімді қалыптастыру.

#әлиямолдағұлова #батырқыз #мергенқыз #әлия100жыл #тағзым #қха30жыл

Вам может также понравиться...