(KAZ) 🔹Астанадағы Халықаралық қаржы орталығында «Инновациялар мен технологиялар: Астананың азаматтық секторының…

Извините, этот текст доступен только на “KAZ”.

🔹Астанадағы Халықаралық қаржы орталығында «Инновациялар мен технологиялар: Астананың азаматтық секторының келешегі» атты XII Азаматтық форум өтті. Іс-шара азаматтық қоғам институттарының, мемлекеттік органдардың, қоғам қайраткерлері мен сарапшылардың басын қосты.

Форум қатысушылары цифрлық трансформация жағдайындағы үшінші секторды дамытуға арналған заманауи тәсілдерді талқылады. Іс-шара идеялармен алмасуға, табысты тәжірибелерді көрсетуге және әлеуметтік салаға инновациялық шешімдерді енгізуге арналған маңызды алаңға айналды.

Айта кетейік, аталмыш форум аясында Қазақстан қырғыздары қауымдастығының төрағасы Шавкат Исмаилов «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл: идеядан- бүкілұлттық маңызы бар институтқа дейін» атты тақырыпта баяндама жасады. Сондай-ақ ол қоғамдық бірлестіктердің қызметіне инновациялар мен цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығына тоқталып, жасанды интеллектті қолдану ҚХА қоғамдық құрылымдарының жұмысына оң ықпалын тигізетінін атап өтті.

Талқылау қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстар Республикалық азаматтық форумның қарауына жіберіледі.

#азаматтықфорум #гражданскийфорум #қха30жыл #анк30лет

Вам может также понравиться...