(KAZ) 🔹Достық үйінде елордалық ҚХА ардагерлеріне құрмет көрсетілді Достық үйінде Халықаралық…

Извините, этот текст доступен только на “KAZ”.

🔹Достық үйінде елордалық ҚХА ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Достық үйінде Халықаралық қарттар күніне орай елордалық ҚХА ардагерлеріне құрмет көрсету іс-шарасы өтті. Басты мақсаты — аға буынның еліміздің рухани және мәдени құндылықтарын қалыптастырудағы рөлін айшықтау, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қосқан үлестерін атап өту.

Құттықтау сөз сөйлеген Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Құсайынова қазыналы қарттарымызды мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.

Сондай-ақ іс-шара барысында «Біз жастарға үлгі» атты фотокөрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Көрме экспозициясында көпшілік назарына ҚХА ардагерлері бейнеленген фотоматериалдар ұсынылды. Сонымен бірге ұрпағына ұлағатты сөз айтып, ақыл-кеңесін аямайтын қазыналы қарттарымыздың назарына шағын концерт ұсынылып, алғыс хаттар мен гүл шоқтары табысталды.

#қарттаркүні #деньпожилыхлюдей ##домдружбы #қха30жыл #анк30лет

Вам может также понравиться...