(KAZ) Қытайдан жаяу шыққан 26 жастағы қазақ Астанаға жетті

Извините, этот текст доступен только на “KAZ”.

Қытай Халық Республикасынан жаяу шыққан 26 жастағы Есбол Асқарұлы бүгін Астанаға жетті.

60 күнде 3 мың шақырымды жаяу жүріп келген марафоншыны елордалық Достық үйінің алаңында қала тұрғындары мен қонақтары ерекше сый-құрметпен қарсы алды.

Есболдың айтуынша, ата-бабасының жеріне жетуіне ауа райы кедергі болмаған. Саяхатшы Қазақстанның бай табиғатына таңданысын жасырмады.
Ол өзінің сапарын алда келе жатқан Елорда күніне арнады.

Кездесу барысында Алматы ауданы әкімінің орынбасары Есбол Асқарұлына қала әкімінің орынбасары Есет Байкеннің атынан алғыс хат табыстады.
Кейін қала тұрғындары мен қонақтары марафоншының иығына шапан жапты.

Айта кетейік, Есбол 1 мамыр күні туған жері Шыңжаңның Манас ауданынан Қазақстан астанасына жаяу сапарын бастаған еді. Басты мақсаты – екі елдің достығын насихаттап, Астанаға алыстағы қандастардың ақ сәлемін жеткізу болды. Сонымен бірге Қазақстанның кең байтақ даласын, көрікті жерлерін елге таныстыру.

Вам может также понравиться...