ANK LIVE ТІКЕЛЕЙ ЭФИРІНДЕ САРАПШЫЛАР ПІКІРІ ТЫҢДАЛДЫ

Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Заманауи Қазақстандағы әскери-патриоттық тәрбиенің ерекшеліктері» тақырыбында ANK live тікелей эфирінде сарапшылар пікірі тыңдалды.⠀⠀

Тікелей эфир қонақтары Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, ҚР мемлекет қайраткері, генерал-лейтенант Владимир Божко, «Астана қ. Ауған соғысының мүгедектері мен ардагерлері» ҚБ төрағасының кеңесшісі Т.Солтыбаев және ҚР Қарулы күштерінің генерал-майоры Владимир Шацков  өздерінің еңбек жолдары туралы, соның ішінде ел қауіпсіздігінің мақсаттары мен әскери патриоттық тәрбие жөнінде әлеуметтік желі кеңістігіндегі оқырмандарға кеңінен баяндады.

Эфир қонақтары Қазақстан тәуелсіздігін бекем етудегі рөлінің ерекше екендігін атап өтіп, жемісті еңбектерін жан-жақты саралады.

Тікелей эфир барысында сөз алған Бақытжан Ертайұлы  ҚР Қарулы Күштерінің құрылу тарихын, әскери қызметкер ретінде тәжірибелерін бөлісе отырып, мектептерде алғашқы әскери дайындық сабақтарын қайта жандандыру арқылы жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеп ғана қоймай Отан үшін, оны қорғау үшін жауапты екенін сезіндіретін баса айтты.

Өз кезегінде сөз алған Владимир Карпович еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша маңызды міндеттерді шешу кезеңдерінде жауапкершілікті сәттерімен бөліссе, Талғат Қадырбекұлы Ауғанстандағы қызмет кезінде көз алдында өткен әріптестерінің ерліктерін шексіз ықыласпен жеткізе отырып, қазіргі уақытта балаларға еліміздегі батырлардың тарихын көбірек насихатталуы қажет екенін жеткізді.

Сондай-ақ, ҚР Қарулы күштерінің генерал-майоры Владимир Александрович ҚР Қарулы Күштерінің құрылу тарихын жоғары бағалап, еліміздің қорғаныс саласын дамыту бойынша тәуелсіз Қазақстанға елеулі еңбек сіңірген барша әскерилерге ізгі лебізін білдірді.

Жалпы тікелей эфир барысында сарапшылар әлеуметтік желі арқылы қойылған сұрақтарға тиісті жауаптарын бере отырып, тәуелсіз Қазақстанның даму ерекшеліктері, соның ішінде Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің үлесі, жас ұрпақты әскери-патриоттық рухта тәрбилеу мәселелері жөнінде пікірлер кеңінен талқыланды.

Вам может также понравиться...