Астана қаласының Достық үйі

Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайтуға, мәдениеттерді өзара байытуға, этностардың әдет-ғұрыптарын, дәстүрлері мен тілдерін сақтауға және дамытуға бағытталған. Ассамблея мәдени-ағарту және шығармашылық жұмыстар жүргізеді, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетеді. Елордалық Достық үйі – Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының бетке ұстар айнасы. Мұнда халықаралық және республикалық деңгейдегі іс-шаралар өткізіледі. Достық үйінде 23 этномәдени бірлестік, Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ орналасқан. Ассамблея құрылымында 10 этнолингвистикалық мектеп, Қоғамдық келісім кеңесі, Медиация кабинеті, Ғылыми-сараптамалық топ, Аналар кеңесі, шығармашылық ұжым, «Ассамблея жастары» РЖҚ қалалық штабы, Ақсақалдар кеңесі, «Парасат» қайырымдылық қызметін үйлестіру орталығы, «Аналар аманаты» қолөнер шығармашылық орталығы, «Мәміле» қазақ ситуациялық пікірсайыс клубы, «Жыр орталығы», АНК live тікелей эфир студиясы, дыбыс жазу студиясы бар.


- Новости -

Елордалық қазақстан халқы ассамблеясы қайырымдылық акциясын өткізді

Wednesday, 03-08-2022

Бүгін Алғыс айту күнін мерекелеу аясында елордалық Достық үйінде «дөңгелек үстел» отырысы өтті, сондай-ақ Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері «Жылы жүрек, ізгі тілектер!» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Қазақстан халқы Ассамблеясында осы мерзімде ауқымды...

Елордадағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қайырымдылық шарасы өтті

Wednesday, 03-08-2022

Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Алғыс айту күніне орай «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қайырымдылық акциясын өткізді. Акцияның мақсаты халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына көңіл бөліп, қайырымдылық акциясы аясында қамқорлық жасау. Мерекелік іс-шара...

Халық қалаулысы әскери-тарихи музейі қызметкерлерімен кездесті

Wednesday, 03-08-2022

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Әбдірахманов ҚР ҚМ Әскери-тарихи музейінің қызметкерлерімен кездесті. Ресми түрде ашылғанына жеті жыл болған ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейі бірнеше қабатты қамтитын еліміздің жүріп өткен жолындағы әскери армиясының тарихымен және қазіргі...

Елордалық қха еріктілері қайырымдылық акциясына қатысты

Wednesday, 03-08-2022

Елордалық ҚХА еріктілері қарттардың аулаларын қардан тазалау бойынша дәстүрлі сенбілікке шықты. Қазіргі уақытта қаланы қардан тазарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты көмекке мұқтаж адамдарды, соның ішінде жалғыз басты және қарттардың аулаларын қардан тазарту...

Мәжіліс депутаттары елордалық достық үйінде

Wednesday, 03-08-2022

Бүгін Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Сауытбек Әбдірахманов пен Юрий Ли елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрамымен кездесті. Кездесу барысында халық қалаулысы Сауытбек Әбдірахманов мемлекеттік саясаттың басым...

Юрий Ли кәсіпорын қызметімен танысты

Wednesday, 03-08-2022

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Юрий Ли Астана қаласындағы «JFOOD KAZAKHSTAN» ЖШС кәсіпорнымен танысып, жұмысшыларымен кездеседі. Астықтан өнімдер шығаратын кәсіпорынның мақсаты мемлекеттік және халықаралық талаптарға жауап беретін жоғары сапалы...

Мәжіліс депутаты елордалық  мектеп директорларымен кездесті

Мәжіліс депутаты елордалық мектеп директорларымен кездесті

Wednesday, 03-08-2022

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Юрий Ли қаладағы жалпы білім беретін мектеп директорларымен кездесті. Парламент Мәжілісінің депутаты С.Сейфуллин атындағы № 80 мектеп-гимназиясымен танысты. Гимназия директоры Гүлмира Жәрменова білім ошағының...

ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ «МӘМІЛЕ» ҚАЗАҚ ТІЛІ КЛУБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Wednesday, 03-08-2022

Астана қаласының Достық үйінде «Мәміле» қазақ тілі клубының кезекті отырысы өтті. Достық үйінде ашылғанына 3 жыл болған Клуб өте маңызды, оның тақырыбының ауқымы да кеңеюде. Клуб жұмысына елордалық этномәдени орталықтардың, аға буынның өкілдері қатысты....

ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ

Wednesday, 03-08-2022

Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы оқу жылының аяқталуына арналған бірқатар іс-шаралар өткізді. Елордалық Достық үйінде «Раздолье» орыс және казак әндері халық ансамблінің қатысуымен «Лазорь» казак этнолингвистикалық мектебінің қорытынды концерті өтті. «Златница» би ансамблінің, «Разноцветье»...

«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ КОНТЕКСІНДЕГІ ЕУРАЗИЯДАҒЫ ЭТНОСТАР МЕН МӘДЕНИЕТТЕР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Wednesday, 03-08-2022

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Жаңа Қазақстан: тарихи сананы жаңғырту контексіндегі Еуразиядағы этностар мен мәдениеттер» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Ұйымдастырушылар: С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті гуманитарлық факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасымен бірге Астана...