Астана қаласының Достық үйі

Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайтуға, мәдениеттерді өзара байытуға, этностардың әдет-ғұрыптарын, дәстүрлері мен тілдерін сақтауға және дамытуға бағытталған. Ассамблея мәдени-ағарту және шығармашылық жұмыстар жүргізеді, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетеді. Елордалық Достық үйі – Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының бетке ұстар айнасы. Мұнда халықаралық және республикалық деңгейдегі іс-шаралар өткізіледі. Достық үйінде 23 этномәдени бірлестік, Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ орналасқан. Ассамблея құрылымында 10 этнолингвистикалық мектеп, Қоғамдық келісім кеңесі, Медиация кабинеті, Ғылыми-сараптамалық топ, Аналар кеңесі, шығармашылық ұжым, «Ассамблея жастары» РЖҚ қалалық штабы, Ақсақалдар кеңесі, «Парасат» қайырымдылық қызметін үйлестіру орталығы, «Аналар аманаты» қолөнер шығармашылық орталығы, «Мәміле» қазақ ситуациялық пікірсайыс клубы, «Жыр орталығы», АНК live тікелей эфир студиясы, дыбыс жазу студиясы бар.


- Новости -

Польшаның атақты түркітанушысы елордалық Достық үйінде қонақта болды

Польшаның атақты түркітанушысы елордалық Достық үйінде қонақта болды

Wednesday, 07-08-2024

Польшаның атақты түркітанушысы елордалық Достық үйінде қонақта болды Польша мемлекетінің танымал ғалымы, саясат магистрі Якуб Якусик қалалық Достық үйінде болып, этномәдени бірлестіктердің мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында мәртебелі мейманға арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Әңгіме барысында...

Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елдесу және татуласу» жобасы аясында «Заманауи медиацияның халықаралық тәжірибесі»

Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елдесу және татуласу» жобасы аясында «Заманауи медиацияның халықаралық тәжірибесі»

Monday, 05-08-2024

Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елдесу және татуласу» жобасы аясында «Заманауи медиацияның халықаралық тәжірибесі» атты халықаралық конференциясы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, кәсіби медиатор, ҚХА республикалық...

Елордада Талғат Бигелдиновті еске алу рәсімі өтті

Елордада Талғат Бигелдиновті еске алу рәсімі өтті

Monday, 05-08-2024

Елордада Талғат Бигелдиновті еске алу рәсімі өтті Бүгін Кеңес Одағының екі мәрте батыры, Қазақстан авиациясының генерал-майоры Талғат Бигелдиновтың туғанына 102 жыл толды. Осы датаға орай елордада аты аңызға айналған ұшқыштың ескерткішіне гүл шоғын қою...

«Раздолье» орыс және казак әндері халық ансамблінің солисті Ольга Андреева Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында өткен «Звездная сцена 2024»

«Раздолье» орыс және казак әндері халық ансамблінің солисті Ольга Андреева Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында өткен «Звездная сцена 2024»

Monday, 29-07-2024

«Раздолье» орыс және казак әндері халық ансамблінің солисті Ольга Андреева Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында өткен «Звездная сцена 2024» атты Халықаралық көпжанрлы таланттар байқауына қатысып, I дәрежелі лауреат атанды. Жеңімпазды шын жүректен құттықтаймыз және оған...

Елордалық Ассамблея жастарының кезекті жұмыс кеңесі өтті

Елордалық Ассамблея жастарының кезекті жұмыс кеңесі өтті

Saturday, 27-07-2024

Елордалық Ассамблея жастарының кезекті жұмыс кеңесі өтті Достық үйінде офлайн және онлайн форматта өткен кездесу барысында «Ассамблея жастары» РҚБ Астана қаласындағы өкілдігінің мүшелері жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетуге және жастар арасында этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған ұйымның...

Аналар күні аталып өтілді

Аналар күні аталып өтілді

Wednesday, 24-07-2024

Елордалық Достық үйінде Аналар күніне арналған «Ана – гүл, ана – өмір шырағы» атты мерекелік іс-шарасы өтті. Арт – терапия форматында өткен рухани –танымдық басқосуға елордалық ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері, Астана қаласы Алматы ауданының...

Елордалық Ассамблея жастары онлайн форматта кеңес өткізді

Елордалық Ассамблея жастары онлайн форматта кеңес өткізді

Tuesday, 23-07-2024

Елордалық Ассамблея жастары онлайн форматта кеңес өткізді ZOOM платформасы арқылы өткен онлайн- кездесу барысында «Ассамблея жастары» РҚБ Астана қаласындағы өкілдігінің төрағасы Максим Когай ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, алдағы уақыттағы...

Еліміздің барлық өңірлерінде “Ассамблея жастары” РҚБ филиалдары жұмыс істейді.

Еліміздің барлық өңірлерінде “Ассамблея жастары” РҚБ филиалдары жұмыс істейді.

Tuesday, 23-07-2024

Еліміздің барлық өңірлерінде “Ассамблея жастары” РҚБ филиалдары жұмыс істейді. Ұйымның басты мақсаты – қоғамдық келісім мен Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігі негізінде жастарды дамыту және шоғырландыру, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі шеңберінде жастар бастамаларын қолдау және...

(RUS) В столице отметили татарский национальный праздник «Сабантуй»

(RUS) В столице отметили татарский национальный праздник «Сабантуй»

Saturday, 20-07-2024

Кешіріңіз, бұл кіріс тек RUS тілінде ғана қол жетімді. В столице отметили татарский национальный праздник «Сабантуй» Мероприятие было организовано татаро-башкирским культурным центром «Таң» АНК города Астаны при поддержке столичной Ассамблеи народа Казахстана, акимата города...

Елордада «Астана многоликая» фестивалі өтті

Елордада «Астана многоликая» фестивалі өтті

Monday, 08-07-2024

Елордада «Астана многоликая» фестивалі өтті Елорда күніне орай «Жерұйық» саябағында Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Астана многоликая» атты ән-би фестивалі өтті. Іс-шара барысында қалалық этномәдени бірлестіктерге қарасты шығармашылық ұжымдар және жас солистер өнер...