Астана қаласының Достық үйі

Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайтуға, мәдениеттерді өзара байытуға, этностардың әдет-ғұрыптарын, дәстүрлері мен тілдерін сақтауға және дамытуға бағытталған. Ассамблея мәдени-ағарту және шығармашылық жұмыстар жүргізеді, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетеді. Елордалық Достық үйі – Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының бетке ұстар айнасы. Мұнда халықаралық және республикалық деңгейдегі іс-шаралар өткізіледі. Достық үйінде 23 этномәдени бірлестік, Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ орналасқан. Ассамблея құрылымында 10 этнолингвистикалық мектеп, Қоғамдық келісім кеңесі, Медиация кабинеті, Ғылыми-сараптамалық топ, Аналар кеңесі, шығармашылық ұжым, «Ассамблея жастары» РЖҚ қалалық штабы, Ақсақалдар кеңесі, «Парасат» қайырымдылық қызметін үйлестіру орталығы, «Аналар аманаты» қолөнер шығармашылық орталығы, «Мәміле» қазақ ситуациялық пікірсайыс клубы, «Жыр орталығы», АНК live тікелей эфир студиясы, дыбыс жазу студиясы бар.


- Новости -

Елордалық Корей жастары қозғалысы есептік жиынын өткізді

Monday, 11-12-2023

  Достық үйінде елордалық Корей жастары қозғалысының ұйымдастыруымен «MDK Highlights 2023» атты іс –шара өтті. Оның барысында ұйым өкілдері 2023 жылы атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп, келесі жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды. Айта кетейік,...

Елордалық Ассамблея жастары Тәуелсіздік күніне орай конференция өткізді

Friday, 08-12-2023

  Қалалық Достық үйінде Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Ассамблея жастары» РҚБ Астана қаласындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен конференция өтті. Іс-шараға «Ассамблея жастары» РҚБ Астана қаласындағы өкілдігінің жетекшісі Юлия Лагуткина модераторлық етті. Конференция жұмысына елордалық ҚХА хатшылығының...

Елордада отбасылық дауларды шешуде медиацияның маңызын талқылады

Thursday, 07-12-2023

  Елордалық Достық үйінде Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы мен «QAZAQSTAN JASTARY» ҚҚ бірлесе ұйымдастыруымен «Отбасылық қарым-қатынастарды сақтаудағы отбасы медиациясының рөлі мен тиімділігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты- отбасылық медиацияның тәжірибеде қолданылу аясын...

ЕҰУ студенттері Достық үйіне экскурсия жасады

Wednesday, 06-12-2023

  Бүгін Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері Достық үйінде қонақта болды. Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері ұйымдастырған экскурсия барысында оқушылар елордалық Ассамблеяның тарихымен, этномәдени орталықтардың қызметімен танысып, қолөнер бұйымдарын және...

Елордалық Достық үйінде Халықаралық еріктілер күніне орай симпозиум өтті

Monday, 04-12-2023

  2023 жылдың 4 желтоқсанында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық волонтерлік желісі, Біріккен Ұлттар Ұйымының еріктілік бағдарламасының қолдауымен симпозиум өтті. Іс-шара аясында Халықаралық волонтерлер жылының тарихы мен маңыздылығы туралы ұғымды арттыруға бағытталған...

ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАН ТАПСЫРУ БОЙЫНША ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Saturday, 02-12-2023

    Елордалық Достық үйінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен бірлесе отырып «Қан тапсырып, адам өмірін сақтап қал!» атты акциясын өткізді. Шараның негізгі мақсаты өмір үшін күресіп...

Армениялық «Хачатурян» ансамблінің өкілдері елордалық Достық үйінде болды Бүгін қалалық Достық үйіне халықаралық байқаулардың лауреаты атанған, Арменияның көрнекті композиторы Арам Хачатурянның тегімен аталатын трионың мүшелері қонаққа келді.

Friday, 01-12-2023

  Келген меймандарды ҚХА Төрағасының орынбасары, Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығының төрағасы Акбаржон Исмаилов пен «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев және Достық үйінің қызметкерлері жылы қарсы алды. Шырайлы және достық атмосферада өткен кездесу барысында...

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Friday, 01-12-2023

    Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының бірлесе ұйымдастырумен Достық үйінде өтетін «Қан тапсыр да, адам өмірін сақтап қал»...

Достық үйінде медиация бойынша семинарлар өткізілді

Friday, 01-12-2023

  Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы мен қалалық ҚХА медиация кабинетінің ұйымдастыруымен «Медиация туралы заңнама. Отбасылық жанжалдарды шешу» және «Медиатор және оның отбасылық жанжалдарды шешудегі рөлі» тақырыптарында семинарлар өтті. Іс-шараның мақсаты- қатысушыларды ҚР «Медиация...

Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесулері жалғасуда.

Thursday, 30-11-2023

Бұл жолы активтің Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповамен кездесуі өтті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуында еңбек және әлеуметтік қорғау жүйесі маңызды рөл атқарады. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та ерекше мән береді. Достық...