🔹2025 жылғы 26 қараша күні Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30…
🔹2025 жылғы 26 қараша күні Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын қорытындылауға арналған «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» атты республикалық форумы өтті. Бұл шара ҚХА мерейтойлық жылын қорытындылауға арналған негізгі алаңға айналды.
Форум жұмысына Ассамблеяның құрылымдық бөлімшелері, этномәдени бірлестіктер, жастар ұйымдарының жетекшілері және өңірлік ҚХА өкілдері қатысты.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов барлық құрылымдардың үйлесімді әрі ұйымдасқан жұмысының арқасында елде ауқымды шаралар өткізілгенін атап өтті. ҚХА жұмысы аясында 10 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылып, 1 миллионнан астам азаматтың қатысуы қамтылды.
Өз сөзінде спикер этномәдени бірлестіктердің маңызды мерейтойларын атап өтіп, Ассамблея белсенділерінің, ардагерлердің, жастар мен волонтерлік ұйымдарының, сондай-ақ меценаттардың ҚХА бастамаларын жүзеге асырудағы үлесін ерекше атап көрсетті.
Ассамблея ардагерлері ҚХА-ның 30 жыл бойы дамуына қосқан үлесі үшін лайықты құрметке ие болды. Форум аясында олардың қызметіне арналған кітаптың тұсаукесері өтті.
Республикалық форум мерейтойлық жылдың қорытынды алаңы болып, Қазақстанда қоғамдық келісімді, азаматтық және этносаралық бірлікті одан әрі нығайтуға арналған жаңа бағыттарды белгіледі.
#форум#қха30жыл #анк30лет
@assembly_resmi











