🔹Бүгін Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов «Ассамблея…

🔹Бүгін Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов «Ассамблея жастары» РҚБ Астана қаласы бойынша өкілдігінің белсенділерімен кездесу өткізді. Ұйым құрамына этномәдени бірлестіктерге қарасты жастар қанаттарының белсенділері мен елордалық студенттік Ассамблеялардың жастары кіреді.

Кездесу барысында жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру, волонтерлік қозғалысты дамыту, мәдени және білім беру бастамаларын қолдау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ елордалық жастардың бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған жаңа жобалары мен идеялары туралы сөз қозғалды.

Басқарма басшысы «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелерінің елордадағы жастар саясатын ілгерілетудегі, белсенді жаңа буын қалыптастырудағы рөліне тоқталып, еліміздегі татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуға қосып жүрген үлестерін ерекше атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жаңа жобаларды бірлесіп іске асыруға және ынтымақтастықты кеңейтуге уағдаласты.

***

🔸Сегодня состоялась встреча руководителя Управления внутренней политики г. Астаны Нурдаулета Альмуханова с активистами столичного представительства РОО «Ассамблея жастары», в состав которой входят активисты молодежных крыльев этнокультурных объединений, а также представители студенческих Ассамблей столицы. Во время беседы обсуждались планы по развитию молодежных инициатив, вовлечению студентов и молодых лидеров в общественно значимые проекты, а также новые идеи, направленные на укрепление единства и согласия. Особое внимание участники встречи уделили развитию волонтёрских движений, культурных и образовательных программ, поддержке креативных инициатив молодежи.

Руководитель Управления отметил важную роль молодежной организации в формировании активного и ответственного поколения, подчеркнув значимость участия молодежи этнокультурных объединений и студенческих Ассамблей в общественной жизни столицы.
По итогам встречи стороны договорились продолжать совместную работу, развивать новые проекты и расширять сотрудничество.

#ассамблеяжастары #молодежьанк #қха30жыл #анк30лет

You may also like...