🔹Екібастұз қалалық Достық үйінің делегациясы елордалық әріптестермен кездесті Қазақстан халқы…

🔹Екібастұз қалалық Достық үйінің делегациясы елордалық әріптестермен кездесті

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Екібастұз қалалық Достық үйінің делегациясы елордалық Достық үйінде қонақта болды.
Арнайы ұйымдастырылған экскурсия барысында меймандар елордалық Ассамблеяның тарихымен, этномәдени орталықтардың қызметімен танысып, қолөнер бұйымдарын, экспонаттарды және түрлі этностардың тұрмыстық бұйымдарын тамашалады.

Ал дөңгелек үстел басында кездесуге қатысушылар достық пен татулық, қоғамдық келісім тақырыбында әңгіме өрбітіп, еліміздегі жалпыұлттық бірлікті нығайту мен сақтауда Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі туралы сөз етті. Сондай –ақ іс-шара барысында қонақтардың назарына этномәдени бірлестіктерге қарасты шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт ұсынылды.

Кездесу соңында қонақтар ризашылықтарын білдіріп, аталмыш кездесулер тәжірибе алмасуға, өңірлер арасындағы мәдени және рухани байланыстарды нығайтуға, ең бастысы – елдегі бірлік пен татулықты одан әрі нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

#достықүйі#домдружбы#қха30жыл #анк30лет #apk30years

You may also like...