📍 Бүгін Астана қаласының Достық үйінде «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік…
📍 Бүгін Астана қаласының Достық үйінде «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі 2025 жылғы 5–8 қыркүйек күндері Қарағанды облысында өтетін «Бірлік» халықаралық жастар лагері аясында Батыс Қазақстан облысынан келген делегаттарды қарсы алды.
Қонақтарға елорда бойынша экскурсия ұйымдастырылып, Достық үйінің қызметі таныстырылды. Делегаттар арасында Астана қаласынан «Хазар» әзербайжан этномәдени бірлестігіне қарасты жастар қанатының мүшесі Зака Закиев мен «Юнчи» дүнген этномәдени орталығының жастар қанатының мүшесі Рауф Думаров бар.
Делегация ары қарай Қарағанды қаласына жол тартты. Жастарымызға сәттілік, жаңа достық пен тың идеялар тілейміз! 🌟
#ҚоғамдықКелісім #БірлікЛагері #Жастар #Астана








