Достық үйінде Этномедиация кеңесінің отырысы өтті

Іс-шараның басты мақсаты – Ассамблеяның этномедиация институтын одан әрі дамыту үшін басым міндеттерді айқындау. Оған Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Құсайынова, ҚХА республикалық Медиация кеңесінің төрағасы Шерзод Пулатов, елордалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен қоғамдық этномедиаторлар қатысты.

Алқалы жиын барысында медиация институтын дамытуға бағытталған өзекті мәселелер талқыланып, ұсыныстар айтылды. Сонымен бірге этномедиаторлардың сапалық жаңа пулын қалыптастырудың маңыздылығы да сөз етілді. Қатысушылар қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы этномедиация институтының маңыздылығына тоқталып, бұл кездесудің алдағы жұмысты тиімді жүргізу үшін берері көп екендігін атап өтті.

https://www.instagram.com/p/DChje4MOUPF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA&img_index=1

You may also like...