«Тұран – Астана» университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы күні өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясы күні аясында қалалық ҚХА өкілдері «Тұран – Астана» университетінің студенттері мен оқытушыларымен кездесу өткізді.
Іс-шараға Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, қалалық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Әміржан Әлпейісов модераторлық етті.

Жиын барысында спикерлер еліміздің ең басты құндылығы – ынтымақ пен бірлік тақырыбында әңгіме қозғап, елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының және Достық үйінің қызметі жайлы баяндап берді.

Сондай-ақ студенттердің назарына ҚХА қызметін бейнелейтін фотокөрме және қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды. Ал іс- шара соңында этномәдени бірлестіктер жанындағы шығармашылық ұжымдардың қатысуымен шағын концерттік бағдарлама ұсынылды.

Айта кетейік, алдағы уақытта дәл осындай кездесулер жалғасын табатын болады.

https://www.instagram.com/reel/DCZLTz3ijU4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA

You may also like...