Елордада Талғат Бигелдиновті еске алу рәсімі өтті

Елордада Талғат Бигелдиновті еске алу рәсімі өтті

Бүгін Кеңес Одағының екі мәрте батыры, Қазақстан авиациясының генерал-майоры Талғат Бигелдиновтың туғанына 102 жыл толды. Осы датаға орай елордада аты аңызға айналған ұшқыштың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті. Іс-шараға қалалық ҚХА, Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің, Қорғаныс департаментінің өкілдері, жастар және Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.

Басқосудың негізгі мақсаты – ата –бабаларымыздың ерлігін ұлықтау мен насихаттау арқылы өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен ұлттық сана -сезімді қалыптастыру.

Айта кетейік, соғыс кезінде Талғат Бигелдинов Ил-2 шабуылдаушы ұшағында 305 рет ұшып, батырлық, ұшуда шеберлік танытып, ең жауапты тапсырмаларды сәтті орындады. Соғыстан кейінгі жылдары Талғат Бигелдинов әскери және азаматтық авиацияда қызмет етіп, қоғамдық жұмыспен айналысты.

https://www.instagram.com/p/C-Sw-_HC56H/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D

You may also like...