Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елдесу және татуласу» жобасы аясында «Заманауи медиацияның халықаралық тәжірибесі»

Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елдесу және татуласу» жобасы аясында «Заманауи медиацияның халықаралық тәжірибесі» атты халықаралық конференциясы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, кәсіби медиатор, ҚХА республикалық Медиация кеңесінің төрағасы Шерзод Пулатов, Медиация және келіссөздер орталығының бас директоры, Қырғыз Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының медиация мәселелері жөніндегі сарапшысы Фидана Алиева, елордалық ҚХА мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ еліміздің өңірлерінен арнайы шақырылған сарапшылар қатысты.

Халықаралық конференцияның мақсаты – Қазақстан Республикасында қоғамдық келісімді қамтамасыз етуде медиация институтын дамыту, этносаралық қатынастар саласындағы медиацияның отандық және шетелдік тәжірибесін зерделеу, ҚХА шеңберіндегі медиация тәжірибесін жетілдіру.
Конференцияға қатысушылар әлемнің түрлі елдерінде қолданылатын жанжалдарды шешудің жаңа әдістері мен тәсілдері туралы сөз қозғап, оларды тәжірибе жүзінде іске асырудың тетіктерімен танысты.

Сондай-ақ іс-шара барысында медиаторларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері де кеңінен талқыланды.

https://www.instagram.com/reel/C-Sx00GCWx8/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D

You may also like...