Қалалық Достық үйінде ұлы татар ақыны, Кеңес Одағының Батыры Мұса Жалилдің туғанына 118 жыл толуына арналған шығармашылық кеш өтті.
![](https://assembly-elorda.kz/wp-content/uploads/2024/07/Снимок-экрана-2024-07-01-153805.png)
Іс -шара «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы» ҚБ, Астана қаласындағы «Каюм Насири институты» ғылыми-білім беру орталығының және «Туган тел» татар-башқұрт этнолингвистикалық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдігінің қолдауымен өткізілді.
Құттықтау сөз сөйлеген Қазақстандық татар және башқұртттар конгресінің төрағасы Тауфик Кәрімов, «Таң» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің құрметті төрағасы Рафик Валиев іс-шараның маңыздылығына тоқталды.
Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған іс-шарада “Туған тел” татар-башқұрт этнолингвистикалық бірлестігінің оқушылары, этномәдени орталықтың шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Сондай-ақ ақын Резида Панченконың “Әженің ертегілері” атты кітабының және «Біз Қазақстанда тұрамыз» кітабының тұсаукесері өтті.
Айта кетейік, сонымен бірге шығармашылық кеш аясында «Таң» татар-башқұрт этномәдени орталығының мүшесі Райля Даутоваға Дүниежүзілік татарлар конгресінің медалі табысталды.