Елімізде Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған мәдени-бұқаралық іс-шаралар өтуде.

Осындай ауқымды мерекелік іс-шаралардың бірі елордалық Достық үйінің алаңында “Қош келдің, әз Наурыз” деген атаумен өтті.

Оған Сенат депутаттары, Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, дипломатиялық өкілдіктердің елшілері, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, елордалық ҚХА мүшелері, қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Алаңда киіз үйлер мен алтыбақан орнатылып, қазандарда наурыз көже мен палау дайындалып, қонақтардың назарына концерттік және ойын-сауық бағдарламасы ұсынылды.

Мерекеге келген көпшілік киіз үйлердің ішінде қойылған елордалық этномәдени бірлестіктердің ұлттық нақыштағы экспозицияларымен танысып, қолданбалы өнер бойынша шеберлік сағаттарын қызыға тамашалады.

Сондай-ақ қол күрес, қазақша күрес, асық ату, гір көтеру сияқты ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Спорттық ойындардың жеңімпаздары алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Толығырақ

You may also like...