ҚХА медиаторлары 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады
Бүгін елордалық ҚХА медиация кабинетінің медиаторлары ZOOM форматында өткен Медиация орталығын дамыту мәселелері жөніндегі республикалық кеңеске қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар этносаралық қатынастар саласындағы өңірлік Медиация орталықтарының 2024 жылға арналған жаңа модельдік жұмыс жоспарымен танысып, олардың үлгілік функционалын қарастырды.
Сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің мүшелерінен тұратын медиаторлар құрамы Медиация орталықтарының қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеп, өз ойларын ортаға салды.