Елордалық ҚХА медиаторлары Достық үйінде бас қосты

 

 

Бүгін елордалық Достық үйінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының медиаторлары бас қосты.
Күн тәртібінде 2024 жылға бекітілген жоспарды талқылау, жалпы мақсат-міндеттерді айқындау және басқа да мәселелер болды.

Елордалық ҚХА медиация кабинетінің қызметін үйлестіруші Роза Бекішева модераторлық еткен жиында қатысушылар медиацияның негізгі принциптері мен әдістерін талқылап, алдағы іс-шаралар кестесімен танысты.

Сонымен қатар жиналғандар «Медиация туралы» Заңның кейбір тармақтарына тоқталып, өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.

You may also like...