Әйгілі корей әншісі Сон Вон Соб елордалық Достық үйінде қонақта болды

 

Астана қаласының Достық үйінде Оңтүстік Кореяның танымал әншісі, музыкант әрі блогер Сон Вон Соб қонақта болып қайтты. Елордалық корей этномәдени бірлестігінің мүшелері өнер иесін жылы құшақпен қарсы алды.

Кездесу барысында мәртебелі мейманға арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Оның барысында ол ғимараттың әсемдігін және ерекше достық атмосферасын атап өтті. Сондай-ақ әнші корей этномәдени бірлестігі кабинетінің қызметімен танысып, Корей жастары қозғалысының мүшелерімен кездесу өткізді. Жастармен әңгімелесу барысында ол өзінің шығармашылық өмірі туралы айтып, Қазақстанға сапарынан алған әсерлерімен бөлісті.

Айта кетейік, Сон Вон Соб тек өз елінде ғана емес, Қазақстанда да танымал тұлға, себебі оның қазақ әндерінің корей тіліндегі кавер нұсқалары талайды тамсандырып, сүйсіндіріп келеді.

You may also like...