Беларусь этномәдени орталығы Рождество мерекесін атап өтті

 

 

Елордалық Достық үйінде «Радима» беларусь этномәдени орталығының ұйымдастыруымен Рождество мерекесіне орай концерттік іс-шара өтті.

Мерекелік бағдарлама аясында бірлестіктің “«Вясёлка» хор ансамблі мен «Богатица» орыс және казак әндері ансамблі, сондай-ақ “SHABYT BRASS” ансамблі өнер көрсетті. Беларусь, орыс тілінде шырқалған әндер көпшіліктің көңілінен шығып, ал өнерпаздар көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

You may also like...