Достық үйінде «Богатица» орыс және казак әндері ансамблінің концерті өтті

 

Өткен жексенбі күні елордалық Достық үйінде «Астана қаласының орыс қауымы» ҚБ қарасты «Богатица» орыс және казак әндері ансамблінің ұйымдастыруымен жаңа жылдық концерт өтті. Шығармашылық ұжым көрермендерге қыс мезгілі тақырыбына арналған әндерден тұратын бағдарлама ұсынды. Сондай-ақ заманауи орындаушылардың әндері шырқалды. Ал театрландырылған қойылым барысында ертегі кейіпкерлері Қыс пен Шырша қызықты ойындар және викториналар өткізіп, қонақтарға тамаша көңіл –күй сыйлады.

Мерекелік іс-шараның қонағы болып келген «Ақмола өңірінің казактар қауымдастығы» ҚБ-нің «Казачье подворье» ансамблі де концерттің жоғары деңгейде өтуіне барынша өз үлесін қосты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ауызбіршіліктің арқасында іс-шара ойдағыдай өтті.

 

You may also like...