Елордалық корей этномәдени бірлестігі бүлдіршіндер үшін жаңа жылдық шырша өткізді

 

Елордалық корей этномәдени орталығының жастары Жаңа жыл мерекесіне орай көңілді концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Іс-шара барысында белсенді бүлдіршіндерге және осы орталыққа қарасты “Мисон” балалар ансамблінің ең кішкентай қатысушыларына бірлестіктің атынан сыйлықтар берілді. Сондай-ақ қызықты байқаулар өткізіліп, ойындар ойнатылды. Ал мерекелік шара соңында дастархан жайылды.

Балалар және олардың ата-аналары ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, ерекше көңіл-күйде тарқасты.

 

You may also like...