Елордада Александр Затаевичке арналған мурал ашылды

 

Бүгін Астанада Бейбітшілік көшесі, 5, мекен-жайы бойынша «Александр Затаевич – халық әндерін мәңгі есте қалдырған тұлға» атты муралдың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жобаны Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының және елордалық Ассамблеяның қолдауымен “Polacy” поляк этномәдени бірлестігі жүзеге асырды. Жоба жетекшісі-поляк этномәдени бірлестігінің төрағасы Елена Роговская.

Тәуелсіздік күні мерекесіне орайластырылған іс-шараға Польша Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің өкілі Томаш Коллат, елордалық ҚХА этномәдени орталықтарының мүшелері және басқа да қонақтар қатысты.

Айта кетейік, Александр Затаевич-аты аңызға айналған фольклоршы, этнограф, композитор, Қазақ КСР Халық әртісі, қазақ мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан бірегей тұлға. Оның арқасында қағаз бетіне көшірілген 2300-ден астам музыкалық шығарма – бүгінде ұлтымыздың баға жетпес асыл қазынасы. Композитор-зерттеуші «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақтың 500 әні мен күйі» атты этнографиялық жинақтарын шығарып, дәстүрлі ән-күйлеріміздің көне нұсқаларының хатталуына әрі сақталуына зор үлес қосты.

 

You may also like...