Астанада ҚХА Ақсақалдар кеңесінің республикалық отырысы өтті

 

Бүгін елордалық Достық үйінде еліміздің барлық өңірлерінен жиналған Ақсақалдар кеңесі төрағаларының басқосуы өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президентінің Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, сондай-ақ өңірлік Ақсақалдар кеңесінің төрағалары қатысты.

Жиын барысында кеңес мүшелерінің аймақтардағы атқарылған жұмыстары мен оның тиімділігі, болашақ ұрпақтың елімізге деген сүйіспеншілігін арттыру және басқа да қоғамда өзекті орын алып жатқан мәселелер талқыланды.

Пікір алмасу барысында қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі, әлеуметтік мәселелерді шешудегі аға буын өкілдерінің тәлімді істері атап өтілді. Сондай-ақ олардың жергілікті жерлерде жұмыс жасауының оң тәжірибесіне ерекше назар аударылатыны айтылды.

Айта кетейік, келелі жиынға Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ардагерлер кеңесінің жаңадан сайланған төрағасы Бахытжан Ертаев та қатысты.

You may also like...