Армениядан келген делегация Достық үйінде болды

 

Астана қаласының Достық үйінде ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Леонид Прокопенконың Армения Республикасы Ұлттық жиналысы «Армения-Қазақстан» достық тобының мүшелерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты қатынастардың бірқатар аспектілерін, сондай-ақ Қазақстан мен Армения арасындағы этносаралық келісім мен азаматтық бейбітшілікті одан әрі нығайту жөніндегі шараларды талқылады.

Өз сөзінде Леонид Прокопенко жаһандық қауіпсіздікті нығайтудағы бейбітшілік пен келісім саясатының арқасында Қазақстан халықаралық қоғамдастықта танылған сенімді серіктес болғанын атап өтті.

Сондай-ақ ол Армения Республикасымен тығыз байланысты одан әрі барынша жалғастыра беруге дайын екендігін білдірді.

Аталмыш кездесуге Қазақстан тарапынан Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Республикалық тәжіктер қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Исмаилов, сондай-ақ ҚР Парламентінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен ҚХА мүшелері қатысты.

Сондай-ақ арнайы ұйымдастырылған экскурсия барысында қонақтар ҚХА мен этномәдени бірлестіктердің қызметімен танысты.

You may also like...