Қалалық Достық үйінде медиация бойынша семинар өтті

 

Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы мен елордалық Ассамблеяға қарасты медиация кабинетінің бірлесе ұйымдастыруымен Достық үйінде «Қазақстан Республикасындағы медиацияның негіздері мен принциптері» тақырыбында семинар өтті.
Іс –шараның басты мақсаты – қоғамдық қатынаста пайда болуы ықтимал даулар мен жанжалдарды шешудің қыр-сырларын оқыту, шиеленісті жағдайларды болдырмау шараларын түсіндіру. Оған кәсіби медиаторлар, “Ассамблея жастары” РҚБ Астана қаласындағы өкілдігінің мүшелері қатысты.

Семинардың лекторлары ретінде заңгер, медиатор Гүлмира Нарбаева, кәсіби медиатор, сертификатталған жаттықтырушы- медиатор Рузанна Есентемирова сөз сөйледі.

Басқосу барысында туындаған дауларды шешудің мысалдары келтіріліп, шешудің заманауи әдістері көрсетілді. Сондай-ақ қатысушылар медиация институтының негізгі қағидаттарымен егжей-тегжейлі танысып, медиатор қызметінің маңызды аспектілеріне тоқталып өтті.

You may also like...