Достық үйінің 5 жылдық мерейтойы аталып өтілді
Бүгін Астанада қалалық Достық үйінің 5 жыл толуына байланысты мерекелік іс- шара өтті.
Салтанатты жиынның шымылдығын қала әкімінің орынбасары Есет Байкен ашып, шаһар басшысы Жеңіс Қасымбектің құттықтауын жеткізді.
Ғимараттың фойесінде «Бізге 5 жыл!» атты фото-көрмесі ұйымдастырылып, елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына этномәдени бірлестіктердің қатысуымен концерттік және ойын-сауық бағдарламасы ұсынылды.
Сондай-ақ қол күрес, асық ату, ләңгі тебу сияқты ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өткізілді.
Спорттық ойындардың жеңімпаздары алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.