Астана қаласы ҚХА кубогі үшін шағын футболдан турнир жеңімпазы анықталды

Астана қаласы ҚХА кубогі үшін шағын футболдан турнир жеңімпазы анықталды

Елордада Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының кубогы үшін «Спорт – ұлт денсаулығы» атты шағын футболдан турнир аяқталды

Екінші ойын күні де өте тартысты өтті. Барлық қатысушылар тамаша спорттық дайындығын, ойын шеберлігін және жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, турнирге жалпы 13 команда қатысты.

Финалдық кездесуде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «МО РК» құрамасы «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығының «ТАҢ» командасын 2 -0 есебімен ұтып, турнир жеңімпазы атанды. Ал 3-ші орын үшін таласта ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының (Астана қаласы) «Сақшы» командасы қырғыз этномәдени бірлестігінің «Алға» командасынан басым түсті.

Жүлделі орындарға ие болған командалар ақшалай сертификаттармен, кубоктармен және медальдармен марапатталды.

Айта кетейік, елордалық Ассамблеяның ұйытқы болуымен аталмыш турнир жыл сайын ұйымдастырылып, дәстүрлі іс-шараға айналды.

You may also like...