Мемлекет басшысы қалалық сенбілікке қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында ұйымдастырылған қалалық сенбілікке қатысып, елордадағы Желілік саябақта ағаш отырғызды.

Сенбілікке Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, елордалық Ассамблея мүшелері, волонтерлер мен студенттер қатысты.

Мемлекет басшысы сенбілік барысында жас буын өкілдерімен әңгімелесіп, іс-шараға қатысқандардың барлығына өз алғысын білдірді.

– Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Сондықтан үйімізді таза ұстауымыз керек. Ағаш отырғызып, көшелерді тазалауымыз керек. Бұл – біздің азаматтық борышымыз. Бізде басқа ел жоқ. Сондықтан бәріңді жауапкершілігі мол азамат болуға шақырамын. Баршаңызға, әсіресе, волонтерлерге алғыс айтамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сенбілікке қатысқандар 2 түп қарағай және 39 түп жөке көшетін екті.

You may also like...