ЕЛОРДАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚХА КҮНІ ӨТУДЕ
Қазақстан халқы Ассамблеясы күні аясында қалалық ҚХА өкілдері Astana IT University студенттері мен оқытушыларымен кездесу өткізді.
Іс-шараны әлеуметтік-тәрбие жұмысы бойынша департаментінің директоры Арман Кенжебеков ашып, кіріспе сөз сөйледі.
Өз кезегінде жиын барысында спикерлер еліміздің ең басты құндылығы – ынтымақ пен бірлік тақырыбында әңгіме қозғап, Достық үйі және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметі жайлы баяндап берді.
Сондай-ақ Astana IT University студенттерінің назарына ҚХА қызметін бейнелейтін фотокөрме ұйымдастырылып, ал іс- шара соңында этномәдени бірлестіктер жанындағы шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.
Айта кетейік, алдағы уақытта дәл осындай кездесулер жалғасын табатын болады.