Достық үйінде «Болашағы біртұтас ел» атты дөңгелек үстелі өтті

«Руханият» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Достық үйінде өткен өзге ұлт өкілдерінен тұратын «Мәміле» қазақ тілі клубының кезекті отырысы «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі елімізде тұрып жатқан барлық қазақстандықтарды біріктіретін күш» атты тақырыпқа арналды.

Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін арттыру, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту, еліміздегі сан ғасырлар бойы қалыптасқан, қазақ халқы мен барша әртүрлі этнос өкілдері арасындағы береке-бірлікті, ынтымақ пен рухани келісімді сақтау, одан әрі жетілдіру.

Аталмыш кездесуге Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы Нұрзила Қасқатаева және «Руханият» КММ басшысы Әділ Орынбасарұлы арнайы келіп, жиналғандарды келе жатқан 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

Пікірлесу клубына этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Олар өз ойларын ортаға салып, қазақ тілін өркендету үшін тіл үйреніп, тілді дамытуға өз үлестерін қосуға шақырды. Сондай-ақ олар қазақ халқына деген ризашылықтарын тілектерімен жеткізе отырып, өзге ұлт өкілдерін достықта, бірлікте болуға шақырды.

Сонымен қатар іс-шара соңында «Руханият» КММ басшысы өзге ұлт өкілдерін арнайы алғыс хаттармен марапаттап, ынталандыру сыйлықтарын табыстады.

 

 

 

You may also like...