Елордалық Ассамблея өкілдері студенттермен кездесу өткізді

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы күні» аясында қалалық Ассамблея өкілдері студенттер мен оқытушылармен кездесу өткізді.

Алғашқы болып сөз сөйлеген аталмыш жоғары оқу орнының гуманитарлық факультет деканы, филология ғылымының кандидаты Болат Аяпбергенов бұл шараның жастар үшін өте маңызды екенін атап өтті.

Өз кезегінде жиын барысында спикерлер еліміздің ең басты құндылығы – ынтымақ пен бірлік тақырыбында әңгіме қозғап, Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының бетке ұстар айнасы – Достық үйі және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметі жайлы баяндап, сондай-ақ студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Шара соңында жиналғандардың назарына қалалық ҚХА шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.

Естеріңізге сала кетейік, дәл осындай кездесулер бұдан бұрын бірқатар елордалық ЖОО –да өткен болатын.

You may also like...