«Кәрім Мыңбаев» атты кітабының тұсаукесері өтті

Бүгін Достық үйінде Мемлекет тарихы институты мен елордалық Ассамблеяның ұйымдастыруымен «Кәрім Мыңбаев» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Іс-шараға Кәрім Мыңбаевтың тұңғыш ұлы Джафар Мыңбаев, Астана ҚХА Ғылыми-сараптама тобының төрағасы Тілеген Садықов, сондай-ақ ЖОО-ның оқытушылары, зиялы қауым өкілдері және қоғам белсенділері қатысты.

«Ұлы дала тұлғалары» сериясымен жарық көріп отырған бұл ғылыми-танымдық еңбек ғалымның өмірі мен қызметін, ғылымға қосқан үлесін қамтитын тың деректерге толы.

Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған модераторлық еткен жиында қатысушылар ел алдында еңбегі зор біртуар тұлға туралы сөз қозғап, келелі ой-пікірлер, көңілге қонымды ұсыныстар айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Кәрім Мыңбаев – талантты ғалым, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері.
Елімізде аграрлық ғылымның негізін қалаушы, ұлтымыздан шыққан тұңғыш биология ғылымдарының докторы.


You may also like...