Бүгін әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды және жауапты күн! Таңертеңнен бастап елордалықтар Жаңа Қазақстан үшін, жас ұрпақ пен елдің болашағы үшін дауыс беруде. Елордалық ассамблея да сайлауға белсенді қатысып жатыр.

Сайлау учакесі ашылғалы Достық үйінде көтеріңкі көңіл-күй, достық атмосфера, жақсы ахуал орнап тұрды. Мұнда келген сайлаушылар қонақжай ғимаратпен үлкен қызығушылықпен танысып, суретке түсуде. Елордалық ассамблея мүшелерінің барлығы бір кісідей белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсете отырып, Конституцияда бекітілген таңдау құқығын жүзеге асыру мақсатында сайлау учаскелеріне келді.

Айта кетейік, Ассамблея мүшелері сайлауда дауыс беруді жалғастырады. Отанымыздың тағдыры – өз қолымызда!

 

You may also like...